https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8957
Сұхбат: күнәңді жәриялама, оны жасыр, сонда Алла да оны жасыратын болады (2026.10.03 / Хижри 1448-жыл 22-Рабих Әл-Ақир)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Akbaba Dergah, Istanbul, Türkiye, 2026) Көптеген дұғалар пайғамбарымыз ﷺның құтты сөздерінен бастау алған. Ал мына дұғада, «اللَّهُمَّ إنَّا نَعُوذُ بِكَ مِنْ خِزْيِ الدُّنْيَا وَعَذَابِ الْاخِرَةِ», яғни, «о Алла, біз бұл дүниенің абыройсыздығымен ақиреттің жазасынан сақта деп, Өзіңнен пана тілейміз» делінген. Ол, «о Алла, бізді арымызды төгетін дүние ісінен сақта» дейді, әдетте мүминдер ұялар, олар бір қателік істеп қойса, ұялып кетеді. Ал иманы жоқтар барша ұятсыз істерді қымсынбай істей береді, олар тіпті ең арсыз істерді жетістік сияқты көреді, және өзгелердің де оларды істеуі үшін оларды ашық түрде таратады. Олар хайуан да істемейтін істерді істер, және осы арсыздықтарын бейне бір жетістік санар. Ал мүмин, «Алла бізді сақта» дейді, сол үшін олар, «бір қателік істеп қойдым, Алла мені бұл дүниеде абыройсыз етпеші» деп, дұға жасайды.
Ал осы дүниедегі абыройсыздықтан соң, ақиреттің жазасы келетін болады, себебі, олардың «жетістік» деп санаған осыбір істері, ақиретте оларға ең ауыр жазаларды алып келеді, және тозаққа түсіреді. Сондықтан, біреу ұят іс істеп қойса, ол өкіне тәубе етіп, кешірім сұрауы керек, содан Алла ﷻ оны жасыратын болады. Бірақ сен адамдарға, «мен істегендей істе, қарашы, мен істеп жатырмын, сондықтан, сен де оны істе» десең, онда сен өзіңе еліктеген әрбір адамның жазасын арқаңа жүктеп алатын боласың. Әдетте, бір күнә істелсе, бір күнә жазылар, ал бір жақсы амал істелсе, оған сауап он еселеніп жазылар. Демек, бір күнәға бір күнә жазар, бірақ өзге адамды күнә істеуге желіктіріп, оған ұқсас істі істетсең, саған қарсы бір күнә жазылады, себебі, сен өзге біреуді күнәға кіргізіп жібердің.
Демек, біреуді адастырсаң, саған қарсы артық бір күнә жазылар, егер екі адамды адастырсаң, екі күнә жүктеп аласың, ал мың болса, мыңды аласың. Бұл қағида адамдарды адастырудың алдын алу үшін сақталынған, сондықтан, біреу кезкелген арсыздық істесе, ол бұнысын жасыруы керек, оны таратпауы керек. Демек, күнә өзіңмен Алланың арасында ғана қалсын, сонда сен кешірімге ие боларсың. Ал кейбір надан адамдар қателікке ұрынып, тәкаппарлана, «Алла әлдеқашан білетін нәрсені мен не үшін жасыруым керек» дейді. Ақиқатында Алла ﷻ сіздің күнәңізді жасырған еді, ал адамдар болса, оны жасырмайды, олар оны әшкерелеп, абыройыңызды түсіреді.
Демек, не істесеңіз де, олар, «бұл адам бұны істеді, оны істеді, ол адам андай я бұндай» деп, өсек таратады. Сондықтан, адам өз күнәсін жасырса, Алла ﷻ оларды да жасыратын болады. Алла ﷻ бізді абыройсыздықтан, қор болудан сақтағай, және ақиреттегі азаптан сақтағай. Ақиретте осы дүниеде істеген күнәлар үшін тартатын жаза бар, ал қазір адамдар арсыздықтармен ұятсыз істерді ашық істей беретін болды. Оған қоса, олар осы арсыздықтарына мақтанады, және бейне бір мақтанарлық бірдеңе істегендей, оны өзгелерге таратады. Алла бізді олардың кесірінен сақтағай, олар расында кесірлі адамдар, Алла ﷻ барлығымызды, отбасымызды, және балаларды шайтанмен оның көмекшілерінің кесірінен сақтағай, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: كۇناڭدى ءجاريالاما، ونى جاسىر، سوندا اللا دا ونى جاسىراتىن بولادى (2026.10.03 / حيجري 1448-جىل 22-رابيح ءال-اقير)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Akbaba Dergah، Istanbul، Türkiye، 2026) كوپتەگەن دۇعالار پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قۇتتى سوزدەرىنەن باستاۋ العان. ال مىنا دۇعادا، «اللَّهُمَّ إنَّا نَعُوذُ بِكَ مِنْ خِزْيِ الدُّنْيَا وَعَذَابِ الْاخِرَةِ»، ياعني، «و اللا، ءبىز بۇل دۇنيەنىڭ ابىرويسىزدىعىمەن اقيرەتتىڭ جازاسىنان ساقتا دەپ، وزىڭنەن پانا تىلەيمىز» دەلىنگەن. ول، «و اللا، ءبىزدى ارىمىزدى توگەتىن دۇنيە ىسىنەن ساقتا» دەيدى، ادەتتە مۇميندەر ۇيالار، ولار ءبىر قاتەلىك ىستەپ قويسا، ۇيالىپ كەتەدى. ال يمانى جوقتار بارشا ۇياتسىز ىستەردى قىمسىنباي ىستەي بەرەدى، ولار ءتىپتى ەڭ ارسىز ىستەردى جەتىستىك سياقتى كورەدى، جانە وزگەلەردىڭ دە ولاردى ىستەۋى ءۇشىن ولاردى اشىق تۇردە تاراتادى. ولار حايۋان دا ىستەمەيتىن ىستەردى ىستەر، جانە وسى ارسىزدىقتارىن بەينە ءبىر جەتىستىك سانار. ال ءمۇمين، «اللا ءبىزدى ساقتا» دەيدى، سول ءۇشىن ولار، «ءبىر قاتەلىك ىستەپ قويدىم، اللا مەنى بۇل دۇنيەدە ابىرويسىز ەتپەشى» دەپ، دۇعا جاسايدى.
ال وسى دۇنيەدەگى ابىرويسىزدىقتان سوڭ، اقيرەتتىڭ جازاسى كەلەتىن بولادى، سەبەبى، ولاردىڭ «جەتىستىك» دەپ ساناعان ءوسىبىر ىستەرى، اقيرەتتە ولارعا ەڭ اۋىر جازالاردى الىپ كەلەدى، جانە توزاققا تۇسىرەدى. سوندىقتان، بىرەۋ ۇيات ءىس ىستەپ قويسا، ول وكىنە تاۋبە ەتىپ، كەشىرىم سۇراۋى كەرەك، سودان اللا ﷻ ونى جاسىراتىن بولادى. ءبىراق سەن ادامدارعا، «مەن ىستەگەندەي ىستە، قاراشى، مەن ىستەپ جاتىرمىن، سوندىقتان، سەن دە ونى ىستە» دەسەڭ، وندا سەن وزىڭە ەلىكتەگەن ءاربىر ادامنىڭ جازاسىن ارقاڭا جۇكتەپ الاتىن بولاسىڭ. ادەتتە، ءبىر كۇنا ىستەلسە، ءبىر كۇنا جازىلار، ال ءبىر جاقسى امال ىستەلسە، وعان ساۋاپ ون ەسەلەنىپ جازىلار. دەمەك، ءبىر كۇناعا ءبىر كۇنا جازار، ءبىراق وزگە ادامدى كۇنا ىستەۋگە جەلىكتىرىپ، وعان ۇقساس ءىستى ىستەتسەڭ، ساعان قارسى ءبىر كۇنا جازىلادى، سەبەبى، سەن وزگە بىرەۋدى كۇناعا كىرگىزىپ جىبەردىڭ.
دەمەك، بىرەۋدى اداستىرساڭ، ساعان قارسى ارتىق ءبىر كۇنا جازىلار، ەگەر ەكى ادامدى اداستىرساڭ، ەكى كۇنا جۇكتەپ الاسىڭ، ال مىڭ بولسا، مىڭدى الاسىڭ. بۇل قاعيدا ادامداردى اداستىرۋدىڭ الدىن الۋ ءۇشىن ساقتالىنعان، سوندىقتان، بىرەۋ كەزكەلگەن ارسىزدىق ىستەسە، ول بۇنىسىن جاسىرۋى كەرەك، ونى تاراتپاۋى كەرەك. دەمەك، كۇنا وزىڭمەن اللانىڭ اراسىندا عانا قالسىن، سوندا سەن كەشىرىمگە يە بولارسىڭ. ال كەيبىر نادان ادامدار قاتەلىككە ۇرىنىپ، تاكاپپارلانا، «اللا الدەقاشان بىلەتىن نارسەنى مەن نە ءۇشىن جاسىرۋىم كەرەك» دەيدى. اقيقاتىندا اللا ﷻ ءسىزدىڭ كۇناڭىزدى جاسىرعان ەدى، ال ادامدار بولسا، ونى جاسىرمايدى، ولار ونى اشكەرەلەپ، ابىرويىڭىزدى تۇسىرەدى.
دەمەك، نە ىستەسەڭىز دە، ولار، «بۇل ادام بۇنى ىستەدى، ونى ىستەدى، ول ادام انداي يا بۇنداي» دەپ، وسەك تاراتادى. سوندىقتان، ادام ءوز كۇناسىن جاسىرسا، اللا ﷻ ولاردى دا جاسىراتىن بولادى. اللا ﷻ ءبىزدى ابىرويسىزدىقتان، قور بولۋدان ساقتاعاي، جانە اقيرەتتەگى ازاپتان ساقتاعاي. اقيرەتتە وسى دۇنيەدە ىستەگەن كۇنالار ءۇشىن تارتاتىن جازا بار، ال ءقازىر ادامدار ارسىزدىقتارمەن ۇياتسىز ىستەردى اشىق ىستەي بەرەتىن بولدى. وعان قوسا، ولار وسى ارسىزدىقتارىنا ماقتانادى، جانە بەينە ءبىر ماقتانارلىق بىردەڭە ىستەگەندەي، ونى وزگەلەرگە تاراتادى. اللا ءبىزدى ولاردىڭ كەسىرىنەن ساقتاعاي، ولار راسىندا كەسىرلى ادامدار، اللا ﷻ بارلىعىمىزدى، وتباسىمىزدى، جانە بالالاردى شايتانمەن ونىڭ كومەكشىلەرىنىڭ كەسىرىنەن ساقتاعاي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8957